Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Секс пайдалы": Бойжеткен 18 жасында тұрмыс құрған қазақ әжелеріне қызықты

Опубликовано:

Отбасын құруда қыздардың пәк болуы маңызды ма әлде олардың отбасылық өмірге деген дайындығы бірінші орынға шыға ма? Қазақ жастары бұл мәселеге қаншалықты назар аударып жатыр? Осы орайда, comode.kz порталы қазақстандықтардың аталған жайтқа қатысты пікірін сұрап, назарға ұсынып отыр.

Тойға дейінгі секс: Қазақстандықтар қыздық туралы не ойлайды?
Тойға дейінгі секс: Қазақстандықтар қыздық туралы не ойлайды?: UGC

Әсел Қабылан, 24 жаста, дәрігер:

Бұл мәселе жігіттер үшін де, қазақ қыздары үшін де өзекті. Біздің елде тойға дейінгі жақын қарым-қатынасты қолдайтындар да, қолдамайтындар да бар. Мен қолдайтындар қатарынанмын.

Біздің әжелеріміз 18 жасында тұрмысқа шығып, төсек қатынасының не екенін білетін.

Ал қазір қыздар шамамен 25 жасқа таман тұрмысқа шығады. Секс - адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді.

Сондықтан мұндай өмірді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым ағза үшін жақсырақ болады.

Бастысы - жақсы, кейін болашақ жарың болатын адам тапсаң болғаны.

Әлия Атенова, 45 жастағы үй ханымы:

Тұрмысқа шыққанға дейін төсек қатынасына түсуге мүлдем қарсымын. Тойға дейін бәрі болуы мүмкін. Жастар ұрысып, айырылысып жатады.

Ел мұны қаншалықты дұрыс деп айтса да, бұл - біздің менталитет үшін ұят нәрсе. Көптеген жас қыздар бірінші кездескен жігітке беріле салғаны үшін оларға тұрмысқа шығуға мәжбүр болады.

Сондықтан, меніңше, оң-солыңды танып барып, үйленетін жігітіңді таңдап барып тұрмысқа шыққан дұрыс.

Карина Калиева, 30 жаста, арт-директор:

Тұрмысқа шықпай тұрып жыныстық қатынасқа түсуге қарсы емеспін. Секс - бұл адамның физиологиялық қажеттілігі. Дәретханаға бару, тамақтану секілді.

Ал бізде мұндай әрекеті үшін әйелді жерден алып, жерге салады.

Салдарынан байғұс әйелдер секс туралы ешнәрсе білместен, өздерін қанағаттандыра алмайтын еркекпен өмір бақи өмір сүруге мәжбүр болады. Біздің жігіттер тек таза қыздарға үйленгісі келеді. Олар - ер-азамат емес.

Мөлдір Майлыбаева, 26 жаста, дәрігер:

Мен біржақты пікір ұстанудан аулақпын. Бірақ егер әйелді үйленбей тастап кетсе, оған қатты киын болады.

Жігіттер жай ғана демалғысы келгендіктен, бір түнін бірге өткізген қыздарға үйленгісі келмейді.

Ал қыздар мұндай жайтты жүрегіне өте жақын қабылдайды. Сондықтан, мұндай қадамға бармас бұрын жеті рет өлшеп алу керек.

Егер жігітіңіз сізді шын сүйсе, онда ол ешнәрсеге қарамайды, күтіп, сізге үйленеді.

Қайсар Егізбаев, 30 жаста, заңгер:

Ешқандай жігіт секстен өз еркімен бас тартпайды. Ал егер қыз тез келісе салса, онда ол оның бұл шешіміне бас қатыра бастайды.

Ол оны кез келген жігітпен кездесе сала, төсекке бара салатын қыз деп қабылдайды. Сондықтан ол мұндай қыздарды жеңіл жүрісті қызға санайтын болады.

Сондықтан шын мәнінде секс тек қана үйленгеннен кейін болуы керек деп есептеймін. Бірақ қазіргі таңда мінсіз адам жоқ. Кейде сүйіктіңіздің алғашқы махаббаты болмауыңыз да мүмкін.

Дидар Ди-Дан, 55 жаста, эзотерик:

Жақын қарым-қатынаста болған екі адамдағы өзгеріс өте үлкен болады. Сексуалдық қарым-қатынас тіпті отбасылық қарым-қатынас секілді жақын болып кетуі мүмкін.

Сондықтан некеге дейін жақын қарым-қатынаста болуға қызға да, ұлға да кішкентайынан тыйым салып үйреткен жөн сияқты.

Айкен Түктібаева, 23 жаста, модель, актриса, заңгер:

Бұл - жеке бастың мәселесі. Қалай болғанда да, біреуді айыптаудан аулақпын. Негізінде, неке дегеннің өзі жай құжаттағы мөр секілді. Ол жаныңдағы адам өмірлік серігің болады дегенді білдірмейді. Себебі ажырасулар да қазіргі таңда өте көп.

Бірақ мұның бәрін саналы түрде саралап, өзіңнің серігім болады деген адаммен неге жақын қарым-қатынасқа түспеске?

Егер ол кісі болашақта күйеуің болып, балаларыңа әке бола алса, онда мархабат. Егер махаббат болса, онда әңгіме басқа. Себебі құлай ғашық болсаң, онда сезім бірінші орынға шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732846-seks-pajdaly-bojzetken-18-zasynda-trmys-krgan-kazak-zelerine-kyzykty/

pixel