RU
Жалғызбасты атанған қазақ әншілерінің қайта күйеуге шығатыны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жалғызбасты атанған қазақ әншілерінің қайта күйеуге шығатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Бақыт Шадаева мен Шахизаданың, халықтың ерке қызы Мақпал Жүнісованың айтуынша, оларға бала-шағасы лайықты азаматтың етегінен ұстауға рұқсат берген. Бұл жайында сахна сұлуларының өзі айтып берді деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото-коллаж: NUR.KZ

Фото-коллаж: NUR.KZ

Бақыт Шадаева өзінің қыздары рұқсат бергендіктен, бүгінде лайықты азамат іздеп жүргенін айтты.

"Олар бүгінде жанұялы болғасын, мені түсінеді. Олар да маған жақсы жар болса деп тілейді. Бұйырғаны болады. Жақсы жарды көшеден таба алмайсың. Сондықтан бұйырғаны болады", - деді Шадаева.

Ал Шахизаданың балалары әншіге үшінші рет тұрмысқа шығуға рұқсатын беріпті.

"Балам "Анашым, егер де сізді алақанына салатын ер-азамат болса, тұрмысқа шықсаңызшы" деп айтып жүр. Құдай берем десе, береді ғой", - дейді Шахизада.

Ал Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің осы тақырыпты қозғағанын, алайда өзінің тұрмысқа шығатын ойы жоқ екенін жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
5
0
1
5
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір