RU
Алматыда секс-құлдыққа түскенін айтқан бойжеткенді полиция өз қорғауына алды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда секс-құлдыққа түскенін айтқан бойжеткенді полиция өз қорғауына алды

Рассказать Вконтакте

Алматыда мамырдың басында Сүйінбай даңғылы бойында көлік қағып кеткен 29 жастағы бойжеткенді "куәгерлерді қорғау" бағдарламасы бойынша полицейлер өз қорғауына алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жезөкшелік. Фото: laweekly.com

Жезөкшелік. Фото: laweekly.com

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бойжеткеннің еркінен тыс жезөкшелікпен айналысқаны туралы мәлімдемесі бойынша бірқатар тексеріс жүргізілуде.

"Жезөкшелікке мәжбүрлеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бойжеткен полицейлердің қорғауына алынды.

2009 жылдан бері жезөкшелікпен айналысқаны үшін тіркеуде тұрған бойжеткенді күштеп ұстап отырған болуы мүмкін жезөкшелер ордасы да тексерілген.

Нәтижесінде аталған мекенжай бойынша ешқандай жезөкшелер ордасы табылмапты.

"Жезөкшелер ордасы туралы ақпарат расталмады. Көршілерінің айтуынша, пәтерде ерлі-зайыптылар және олардың кішкентай балалары тұрады", - дейді департаментте.

Еске салсақ, алтыншы мамыр күні "Саяхат" автовокзалы маңында бойжеткен көлктен секіріп кетіп, өзге көліктің астына түскен болатын. Ол полицияға белгісіз біреулер өзін жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп отырғанын айтып, шағымданды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
1
3
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір