RU
Бозымбаев: "Ең қымбат бензин Қазақстанда" деген шындыққа жанаспайды
Жаңалықтар Қоғам

Бозымбаев: "Ең қымбат бензин Қазақстанда" деген шындыққа жанаспайды

Рассказать Вконтакте

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензиннің бағасы әлем бойынша Қазақстанда ең қымбат деп сынайтындарға жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ

Энергетика министрі

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев

"Кедендік одақ аясында біз фискалдық режимдегі айырмашылықты ескере отырып, бағаның тепе-теңдігін сақтауымыз керек.

Мәселен, Ресейде АИ-92 бензині қазір 214-220 теңге, ал біздің елімізде орташа алғанда 160 теңге тұрады. Бұл жұмыс жалғасатын болады", — деді Бозымбаев бүгін мәжілісте "Қазақстанның мұнай-газ секторын дамыту" тақырыбында өтіп жатқан үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, "біздің елімізде ең қымбат бензин" деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Ол сөзінің дәлелі ретінде депутаттардың назарына Global petrol prices халықаралық агенттігінің рейтингісін ұсынды.

"Біздің елімізде ең қымбат мұнай өнімдері деген сөзді өте жиі естиміз. Салыстыру үшін 167 елдегі мұнай өнімдерінің бағасы бойынша жасалатын халықаралық агенттіктің рейтингісіне назар аударсақ.

Бензин бағасы бойынша Қазақстан рейтингтің соңынан есептегенде 12-ші орында, дизель отыны бойынша 14-ші орында тұр. Яғни, әлемнің 167 елінің ішінде 11-інде ғана бензин біздегіден арзан.

Олардың арасында Венесуэла, Иран, Кувейт, Түрікменстан бар. Дизель отынының бағасы 13 мемлекетте ғана төмен, олар — Венесуэла, Иран, Сауд Арабиясы, Әзербайжан, Түрікменстан. Бұл рейтингті халықаралық агенттік ай сайын жасайды", — деді Бозымбаев.

Министр таяуда нарықты толығымен отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететінімізді атап өтті. Бүгінде Павлодар және Атырау мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау аяқталған. Ал Шымкент зауытындағы жұмыс 2018 жылы бітеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel