RU

Маңғыстау облысында ер баланы кепілде ұстаған ұры млн теңге сұраған

Маңғыстау облысында сегіз жасар балақайды кепілде ұстап, ақша бопсалаған ер адам қамауға алынды. Ол баланың анасынан 1 млн теңге талап еткен. Бұл туралы ІІД ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Баланы ұрлау. Көрнекі фото: odessa.web2ua.com
Баланы ұрлау. Көрнекі фото: odessa.web2ua.com: UGC

Қылмыскерді ізін суытпай ұстаған тәртіп сақшылары баланың ұрланғанын оның анасы хабарлағанын айтуда.

Сегіз жасар ұлын белгісіз біреулер кепілге алғанын айтқан ана ұрылардың 1 млн теңге сұрап отырғанын мәлімдейді.

"Балақай құтқарылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ", - дейді Сәдубаев.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732885-magystau-oblysynda-er-balany-kepilde-stagan-ry-mln-tege-sragan.html