RU
Қарағандыда 4 жасар қыздың басы балкон торына қыстырылып қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда 4 жасар қыздың басы балкон торына қыстырылып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда 4 жасар қыз бала ойнап жүріп басын балкон торына тығып, қайта ала алмай қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот видеодан алынды

Скриншот видеодан алынды

Оқиға кеше 20 мамырда болған. 1355 жекеменшік құтқару қызметіне сағат 9.00-де қоңырау түскен. Хабарлаушы көрші үйде кішкентай баланың 7-ші қабаттағы балкон торына кептеліп қалғанын, жылап көмек сұрап жатқандығын айтқан.

"Хабарды алысымен оқиға орнына аттандық. Дегенмен, балконға кіретін есіктің жабық болуы кедергі тудрғанын айта кетейін. Үстіңгі және астыңғы қабаттағы балкондар арқылы да кіре алмадық. Үй иелері болмады. Сондықтан, қапталдас көршінің балконы арқылы ғана қыздың жанына бара алдық", - дейді құтқару қызметінің басшысы Андрей Фридовский.

Құтқарушылар балконның болат сымын домкрат арқылы керген екен.

"Әуелгіде бала өзі шықпақ болып талпынған екен. Бірақ, құлақ тұсын қан шыққанша қажап алған соң жылай бастаған. Баланың шошып қалғаны, көп күш жұмсағаны көрініп тұр. Алайда, құрсаудан босаған соң шамалыдан кейін есін толық жинап алды", - дейді құтқарушылар.

Оқиға болған кезде пәтерде баламен қоса оның анасы да болған екен. Ойнап жүрген баланың балконға шығып кеткенін байқамай қалса керек. Шырылдап жылаған дауыстан соң бір-ақ жанталасқан.

Ал далаға шығайын десе есікті әжесі сыртынан жауып кеткен екен. Осылайша балаға балконның бер жағынан жанталасып айқайлай берген екен. Есікті сыртынан жауып кеткен әжей үйіне келген кезде біразға дейін не болғанын түсіне алмаған. Оқиғаның мән-жайына қаныққан соң, құтқарушыларға алғысын жаудырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір