RU
Қоқысы ақтарылған емханадағы әжетхана жұрттың ашуын келтірді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қоқысы ақтарылған емханадағы әжетхана жұрттың ашуын келтірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Желіде Алматы қаласындағы емханалардың бірінде түсірілген сурет тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Онда сурет авторы қоқысы ақтарылған әжетханаға сын айтқан деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Instagram парақшасында жарияланға фотода қоқысқа әбден толып кеткен әжетхананы байқауға болады. Сурет авторының айтуынша, бұл Алматы қаласындағы Ақсай Республикалық балалар ауруханасында түсірілген.

"Әйелдер әжетханасындағы қоқыстың жатқанына екі апта болды. Ақсай Республикалық балалар ауруханасында интерндер оқитын корпустағы жағдай осы. Бұл - сұмдық", - деп жазба қалдырған.

Суретті көрген желі қолданушылары мұны ұятсыздыққа балап, 5 минуттың ішінде тазалап қоюға болатынын айтып, пікір қалдырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
0
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір