RU
Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстанды тастап, көшіп кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстанды тастап, көшіп кеткен

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың басынан бері Қазақстаннан өзге мемлекетке 6 846 адам қоныс аударған. Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстанды тастап, көшіп кеткен

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам Қазақстанды тастап, көшіп кеткен

Комитеттің мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың басым бөлігі ТМД, оның ішінде Ресейге қоныс аударған. Германияға 500-ге жуық, АҚШ-қа 60-тан астам азамат көшіп кеткен.

Комитет сарапшысы Қайыр Рыспаевтың сөзінше, ең үлкен көші-қон Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, сондай-ақ Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Сонымен қатар Қазақстанға тұрақты тұруға келетін шетелдіктер де аз емес, олар, әдетте, ірі қалаларды таңдайды екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
3
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel