RU
Ауылдың аспаны қара түнекке айналды: СҚО-да астық қоймасы лаулап жанып кетті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ауылдың аспаны қара түнекке айналды: СҚО-да астық қоймасы лаулап жанып кетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысындағы Жамбыл ауданына қарасты Қайранкөл ауылында алапат өрт шықты. Ондағы тұрғындар NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне видеожазба жолдап, қызыл жалынды әлі де сөндірмегенін хабарлаған.

Өртке оранған ғимарат бұрын астық қоймасы болған көрінеді. Видео авторының мәліметінше, қызыл жалынға оранған аймаққа біраз уақытқа дейін өрт сөндірушілер келмеген.

"Ауылдың аспаны қара түнекке айналды. Элеватор қоймалары өте қатты лаулап жанып жатыр", - дейді тұрғын.

Айта кетейік, СҚО жедел кезекші қызметі Қайранкөл ауылында өрт оқиғасы болғанын растады. Алайда одан зардап шеккендер саны әлі белгісіз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір