Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ысырап болған ақша: Өскеменде 4 млрд теңгеге салынған нысан қирап жатыр (фото)

Опубликовано:

Өскеменде осыдан бірнеше жыл бұрын облыстық бюджеттің қыруар қаражатына салынған нысан құлаудың аз-ақ алдында тұр. Жергілікті шенеуніктер ғимараттың одан арғы күні не боларын нақты айта алмай, дал болуда деп хабарлайды newtimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Басылымның мәліметінше, нысан машина құрастырушылардың біліктілігін арттыратын мамандарға арналған орталық болады деп күтілген екен. Бүгінде ғимарат маңында тіпті зәулім тұрғын-үй кешені де бой көтеріп үлгеріпті. Ал біліктілікті арттыру орталығы болса сол қалпы: беткі жақтаулары түсіп, әйнектері қирап, шашылып жатыр.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Ғимарат құрылысы өңірдің сол кездегі басшысы Бердібек Сапарбаевтың кезінде басталыпты. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен бақандай 4 млрд теңге бөлінген екен.

2011 жылы нысан тіпті республикалық ауқымдағы құрылыс кешеніне айналады деп күтілген екен. Онда 700-ден астам машина құрастырушы өз біліктілігін арттырады деп жоспарланған көрінеді. Бір қызығы нысан құралысы бар-жоғы бір жылдан соң, 2012 жылдың 16 желтоқсанына дейін аяқталады деп күтіліпті-міс.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Ал 2013 жылы сол кездегі қаржы полициясы аталған "орталық құрылысына кеткен қаражаттың 1,5 миллиардын жымқырды" деген айыппен біраз шенділерді де қолға түсіріпті. Олардың ішінде Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Саят Шаяхметов пен "Білім және ғылым саласының салынып жатқан нысандар құрылысы дирекциясы" ЖШС-нің бас директоры Пак та бар еді.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Содан бері талай жыл өтсе де жағдай сол бәз-баяғы қалпы. Басылымның жазуынша, облыстың қазіргі шенділері де ғимаратқа қатысты тұщымды жауап бере алмапты. Бірі нысанда әкімдіктің балансында жоқ деп сендірсе, енді бірі Өскемен қаласының иелегіне өтеді деп жоспарланып жатыр деп жауап қатқан.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Егер ШҚО шенеуніктері мәселені бақылауға алмаса, бюджеттің миллирдтаған қаржысына салынған нысан көп ұзамай-ақ күл-қоқысқа айналуы әбден мүмкін.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1732919-ysyrap-bolgan-aksa-skemende-4-mlrd-tegege-salyngan-nysan-kirap-zatyr-foto/

pixel