RU
Ресей тарабы Меркельге гүл сыйлап, дауға қалған Путиннің әрекетін түсіндірді
Жаңалықтар Әлемде

Ресей тарабы Меркельге гүл сыйлап, дауға қалған Путиннің әрекетін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Ресей Мемлекеттік думасы Меркельге Путиннің не үшін гүл сыйлағанын түсіндірді. Германия тарабы бұл әрекетті мазақ ету деп қабылдаған болатын. Бұл туралы NUR.KZ порталы segodnya.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Путин мен Меркель. Фото: AFP

Путин мен Меркель. Фото: AFP

"Эстетика мен адами қарым-қатынастың құндылықтары жойылғанның куәсі", - деп Германия тарабының айыптауларына жауап берді Мемлекеттік думаның вице-спикері Ирина Яровая.

Айта кетсек, Bild басылымы Путиннің гүл шоқтарын сыйлауын тұспалды түрдегі балағаттау мен қорлауға теңеген. Олардың айтуынша, өз сыйы арқылы Ресей президенті Ангела Меркельді мазақ қылып тұр.

"Путин мырза өз гүл шоғы арқылы Ангела Меркельге оның әйел екенін есіне түсірмек болды. Негізгі мақсаты, саясатта басты рөлде ер адамдар ғана екенін нақтылай кету", - деп жазған неміс басылымы.

"Әйелге гүл шоқтарын сыйлау - әйелдердің артықшылығын аңдататын керемет дәстүр. Тіпті әйел саяси қайркаткер немесе мемлекеттік қызметкер болса да, бұл дәстүр өзгермейді", - дейді Яровая.

Еске салсақ, 18 мамыр күні Владимир Путин Меркельге бір шоқ гүлдерін тарту етемін деп басы дауға қалған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel