RU
Ерке Есмахан ажырасқан әйелге үйленген ханзадаға қызығып қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ерке Есмахан ажырасқан әйелге үйленген ханзадаға қызығып қалды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойын көрген Ерке Есмахан өз ойын жазып, белгісіз азаматқа емеурін білдірді. Күйеуінен ажырасқан әнші сүйген адам ештеңеге қарамайтынын осы той арқылы мысал етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерке Есмахан. Фото: Instagram

Ерке Есмахан. Фото: Instagram

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Бүгін Англияда корольдер отбасында дүбірлі той. Маxаббат жасқа, нәсілге қарамайды. Меган 36-да, шешесі қара нәсілден, бұрын тұрмыста болған екен. Ал Гарри баламыз принц, жасы 33-те. Шын ғашық болған принц ештеңеге қарамай үйленіп жатыр деватр жұрттар. Намёк қалай кетті?

30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та жаңа өмір бастауға, тіпті принцке тұрмысқа шығуға болады екен. Міне, Меганның алғашқы некесі сәтсіз болды. бірақ пешенесіне король отбасына келін болу жазылыпты. Тойында дүние жүзінің ең мықтылары, өнер, спорт, кино әлемінің қаймақтары жүр. Алла тағала нағыз бақытты ештеңеге қарамай бұйыра береді екен", - деп жазып қойды.

Әншінің бұл жазбасын көрген желі қолданушылары "Бір қыз тұрмыс құрса, қырық қыз түс көреді" деген осы", "Кімге арналған жазба екен?", "Тұрмысқы шыққыңыз келіп жүр ме?" деп түрлі жазба жолдады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
3
2
2
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір