RU

Жалғыздық психиканың бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін

парень сидит на бревне
Көрнекі фото: UGC

Калифорния технологиялық университетінің ғалымдары жалғыздық адамның бас миындағы химикалық үдерістерді өзгертеді деген тоқтамға келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы ufacitynews.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тышқандарға зерттеу жүргізіп, оларды екі апта бойы жалғыздықта қалдырған ғалымдар оларда В нейрокинин деңгейінің көтерілгенін байқаған. Аталмыш зат күйзеліс пен агрессияның туындауына себеп болады екен.

Нәтижесінде тышқандар ашушаң болып, психикасы бұзылған. Осылайша жалғыздық психикадағы ауытқушылықтарға себеп болады деген тұжырым жасаған зерттеушілер, болашақта күйзелісті емдеудің тиімді жолдарын да таппақ.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732941-zalgyzdyk-psihikany-bzyluyna-kelip-soktyruy-mmkin.html