RU

Головкиннің "қорқынышты соққыларының" видеосы жария болды

Қазақстандық Геннадий Головкиннің қарсыластарына "қорқынышты соққылар" жасаған сәтінен видео жария болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Головкин. Фото: allboxing.ru
Головкин. Фото: allboxing.ru: UGC

Hanzagod атты Youtube-арнасы жария еткен видеода боксшының ауыр соққылары көрсетілген.

GGG-дің бұрынғы қарсыласы Мэттью Маклиннің айтуынша, оған осы күнге дейін дәл Головкиндей ешкім ауыр соққы жасап көрмеген.

"Ол мені жартыға қақ бөлгендей сезімде болдым", - деп есіне алды Маклин.

Ол тіпті 30 секундта орнынан тұра алмағанын алға тартты.

"Қатты ауырды, ол менің екі қабырғамды сындырып жіберген. Толғақ қысқандай ауырсынуларды сезіндім", - дейді британиялық боксшы.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732948-golovkinni-korkynysty-sokkylaryny-videosy-zaria-boldy.html