RU
Әйелін өзге азаматқа сатып жіберген кәсіпкер жұрттың ашуын келтірді (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Әйелін өзге азаматқа сатып жіберген кәсіпкер жұрттың ашуын келтірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркияда бұрынғы әйелін өзге азаматқа секс-құлдыққа сатып жіберген әзірбайжандық кәсіпкер ұсталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Oxu.Az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әйел. Фото: oxu.az

Әйел. Фото: oxu.az

34 жастағы Эльмир 30 жастағы бұрынғы әйелі Севиндж Керимованы күштеп жезөкшелікке салмақ болған.

Бес жыл некеде болған әйел күйеуінің күнделікті соққысына шыдамай ажырасып кетеді. Ал әйелін ұрып-соққан Эльмир бір жыл түрмеде отырып шыққаннан кейін әйелімен қайта қосылуды қалайды.

Элмир. Фото: oxu.az

Элмир. Фото: oxu.az

Екі баласы мен әйеліне қамқор болуға уәде еткен азамат оларды Антальяға алып кетеді. Сол жерде әйелін жезөкшелікке салмақ болған Эльмир үйіне бөгде азаматты шақырып алған.

"Үйге келген еркектің маған арам пиғылы барын түсініп, бірден балаларыммен өз бөлмеме қамалып алдым", - дейді Керимова.

Әйел. Фото: oxu.az

Әйел. Фото: oxu.az

Осылайша өзін сатып алуға келген бейтаныс азаматтың сексуалдық зорлығынан аман қалған әйелді кейін күйеуі аяусыз ұрып-соғады.

"Ол қатты соққыға жығып, кейін балалардың көзінше мені 11 қабаттан лақтырып жібермек болды", - дейді күйеуінен қашып құтылған келіншек.

Әйел полицияға хабар беріп, еліне қайтып оралған. Ал Эльмирдің Түркияда тағы бір әйелі бар болып шықты.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
2
17
8
2
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel