RU
ОҚО-да анасымен ренжісіп үйінен кеткен ару көрші елден бір-ақ табылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да анасымен ренжісіп үйінен кеткен ару көрші елден бір-ақ табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да анасымен ренжісіп қалған бойжеткен Өзбекстаннан табылды. Із-түзсіз жоғалып кеткен азаматшаны туыстары он күн бойы шарқ ұрып іздеген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Келеңсіз жағдай Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында болған. Анасымен сөзге келісіп қалған қызы ауруханаға дәрігерге көрінемін деген сылтаумен үйінен шығып кетіпті. Сол кеткеннен бойжеткен үйіне оралмаған соң туыстары полицейлерге хабар берген.

Хабарсыз кеткен күні азаматша өзімен сөз байласып жүрген жігітімен кездеспек болған. Алайда жігіттің қолы босамай, кездесу кейінге қалдырылған.

Қызының жігітпен сөз байланысып жүргенін білген ата-анасы азаматты тергеудің астына алған. Жігіттің айтуынша, іздеуде жүрген бойжеткен он күннен кейін әкесіне хабарласып, Өзбекстандағы әпкесінің үйінде жүргенін жеткізіпті.

"Қыздың әкесі жоғалған күні үйіме келіп, тексеріп кетті. Полицейлер мені тергеді. Кейін қыздың өзі хабарласыпты. Ташкенттегі әпкесінің үйінде жүрген екен. Қыздың өзімен сөйлестім. Анасымен ренжісіп қалып, Өзбекстанға кетіп қалыпты", - дейді қызбен сөз байласып жүрген жігіт.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
4
3
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel