RU

Ауыз бекіткенде шөлдемеу үшін не істеу керек?

Қасиетті Рамазан айы жаз айларына сәйкес келетіндіктен, күн ыстық болып жатады. Ауыз бекіткендер қарны ашпағанымен, кейде шөлге шыдамайтынын айтып жатады. Осы орайда Baribar.kz ораза кезінде шөлдемей жүрудің амалдарын ұсынады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: HalalGuide
Көрнекі фото: HalalGuide: UGC

1. Көкөністерді көбірек пайдалануға тырысыңыз.

2. Ауыз бекітерде бір шымшым тұз салынған тұзды су ішсеңіз, күні бойы шөлдемей жүресіз.

3. Ораза кезінде өте ащы, тұзды, қуырылған, майлы және тәтті тағамдардан бас тартыңыз.

4. Жеміс-жидектер адам ағзасына пайдалы болғанымен, ораза кезінде шөлдетуі мүмкін.

5. Шай, кофе, газдалған сусын ішпеген дұрыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732966-auyz-bekitkende-sldemeu-sin-ne-isteu-kerek.html