RU
Жүйкесі тозған алматылық жігіт ағаштарды сындырып тастады (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жүйкесі тозған алматылық жігіт ағаштарды сындырып тастады (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматыда ағаш-талдарды бүлдірген ер адамды полицейлер қолға түсірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұдан бұрын желіде пайда болған видеода куәгер сынған ағаш бұталарын түсірген. Алматы ішкі істер департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Алматы облысы Қаскелең қаласының 1991 жылы туған тұрғыны ұсталды. Оқиға өткен демалыста болған. Сол жерде ол орындықтарды да сындырмақ болыпты.

Бастапқы деректер бойынша, ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерде тіркелген. Қазір полиция бұл ақпаратты тексеріп жатыр.

"Неге?" деген сұраққа ол ағаштар мен орындықтар "бөгет жасады" дейді, — деп мәлімет берді полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстанға.

Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
2
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір