RU

Ауа-райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, найзағай, желдің күшеюі мен шаңды дауыл күтіледі. Солтүстіктің кей жерлерінде тұман болады деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kazhydromet.kz
Фото: kazhydromet.kz: UGC

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының, күндіз Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Солтсүтік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, дауыл, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1732998-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-zauyn-sasyn-bolady.html