RU
Көшеде жылап қалған сәбиін тепкілеп тастаған әке жұрттың ашуын келтірді (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Көшеде жылап қалған сәбиін тепкілеп тастаған әке жұрттың ашуын келтірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қатал тәрбиесімен елді шошытқан азамат Ресейдегі Липецк қаласының тұрғыны болып шықты. Ол көшенің қақ ортасында өзінің баласын сабап тастаған. Оқиғаны куәгерлердің бірі видеоға түсіріп алған деп жазады NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Видеожазбада бірнеше баласы бар отбасылық жұптың көшеде кетіп бара жатқанын байқауға болады. Алайда кішкентай ер бала жүргісі келмей, бақырып жылаған. Ал әкесі оған "Үйге жүр" деп бар дауысымен айғай салып, жағасынан сүйреген. Тіпті аз ғана жүріп, баласын бір тебеді.

Осыдан кейін бала одан сайын қатты жылап, қашуға талпынады. Ашуға мінген азамат сәбиді құлағынан немесе шашынан сүйрелеп ірмен қарай алып кеткен.

"Комсомольская правда" басылымының мәліметінше, полиция қызметкерлері аталмыш видео кейіпкерін іздеп тапқан. Ол жағдайы жақсы тұратын отбасы болып шықты. Басқа мәліметтер әзірге айтылған жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
5
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel