RU
Жүрек жұтқан баласын құтқару үшін қолтырауынның көзін ойып алды
Жаңалықтар Әлемде

Жүрек жұтқан баласын құтқару үшін қолтырауынның көзін ойып алды

Рассказать Вконтакте

Филиппиндегі Балабак қаласының тұрғыны 4,5 метрлік алып қолтырауыннан 15 жастағы баласын құтқарып қалды. Бұл туралы Lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: nashzeleniymir.ru

Көрнекі фото: nashzeleniymir.ru

Жасөспірім өзен жағасында балық ауламақ болып, моторлы қайығын дайындап жатады. Сол уақытта үйде жүрген анасы баланың айқайлаған дауысын естіп, ұйықтап жатқан әкесін оятады.

Олар алып қолтырауынның баланы сүйреп бара жатқанын көріп, бірден көмекке барады. Әкесі үйден найзасын алып шығып, қолтырауынмен өзі шайқасқан.

Жыртқышпен біраз уақыт алысқан азамат қылышын оның көзіне сұғып алады. Тек осыдан кейін ғана ол адамдарды жайына қойып, өз бетімен кетіп қалады.

Қолтырауынмен шайқасқан әке баласына қарағанда көп ауыр дене жарақаттарын алды. Екеуі де бірден ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір