RU

Жеке концерті үшін Алматы төріндегі 3 бөлмелі пәтерінен бас тартқан танымал әнші кім?

Отандық әнші Нұрболат Абдуллин осыдан біраз уақыт бұрын Алматыда концертін өткізген болатын. Әнші жеке кешін өткізу үшін 3 бөлмелі пәтерден бас тартқан деп хабарлайды "Сенбілік серуен" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин. Фото: Instagram
Нұрболат Абдуллин. Фото: Instagram: UGC

Әнші өзінің жеке концертін өткізу барысында басынан өткен қиыншылықтарын айтып берді.

"Кез-келген дүниенің қызығы мен шыжығы болады. Алматы қаласының орталығынан үш бөлмелі пәтер алайын деп тұрған ақшамды концертіме салдым. Мен өзімді қазақ өнеріне арналған адам деп санаймын. Сондықтан пәтер ешқайда қашпас. Ал әннің буы басылып қалады. Ал халыққа өзімнің әндерімді жанды дауыста орындадым. Көбісі домбыра тартатынымды білмейді. Сондықтан бұл мен үшін үлкен мүмкіндік болды", - деді әнші.

"Оған еш қысылмаймын. Өнерімнің айналымынан келген ақша болғаннан кейін, керісінше, рахаттанамын. Халық келмесе, өнерімді бағаламаса бұндай концерт болмас еді", - деп ағынан жарылды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733016-zeke-koncerti-sin-almaty-trindegi-3-blmeli-pterinen-bas-tartkan-tanymal-nsi-kim.html