RU
Алматы облысында әкімдік ескерткіш салу үшін халықтан ақша сұрауда (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында әкімдік ескерткіш салу үшін халықтан ақша сұрауда (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі мемлекеттік қызметкерлерден, сонымен бірге мектеп мұғалімдерінен ақша жинап жатыр. Аудан басшылығы Өтеген батырдың ескерткішін салуға қажетті қаржыны халықтан жинау жөнінде үндеу тастаған. Бұл үндеуді естіген мектеп мұғалімдері өз еркімізбен 500 теңгеден жинап бердік дейді. Бұл туралы "Алматы" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі ескерткіш салу үшін халықтан ақша сұрауда (видео)

Кадр: "Алматы" арнасы

Бұл ақпаратты отандық телеарналардың бірқатары жарыса хабарлады.

Мәселен, 31 арнада Алматы облысына қарасты Іле ауданының мұғалімдері енді ақшаны садақа ретінде жинай бастағаны айтылды.

Бірақ садақа көлемі қомақты. Кейбірі 2000, енді бірі 500 теңгеден жинап, Өтеген батыр ескерткішін тұрғызуға үлес қоспақ. Ол аздай ауданда ашылатын ескерткіш үшін, аудандық білім бөліміндегілер бір күндік жалақысын аудармақ ниетте.

«Мен, Кенен Әзірбаев атындағы №15 мектеп мұғалімі... «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру мақсатында Өтеген батыр ескерткішіне өз атымнан 500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетемін».

Таяуда аталған мектеп ұстаздары кәсіподақ ұйымының басшысынан осындай тапсырма алған. Яғни ақша жинап, оны өз еркімен өткізгендерін растайтын қол хат беруі тиіс болған. Бүгін дәл осы мәселені анықтауға түсіру тобы бара салғаны сол екен, жиналған ақша қайтарыла бастапты.

"Қайтарып берілді. Неге? Білмедім. Түсіндірген жоқ. Жоқ, мен өзім сұрамадым", - дейді информатика пәнінің мұғалімі Мөлдір Мұхаметжанова.

Мұғалімдердің ортақ чатына «Өтеген батырға өткізген ақшаны алыңдар» деген хабарлама келген. Бірақ ұстаздар 500 теңге ғана өткізбеген секілді.

"Жетпегендіктен, көмек сұрап отырған шығар мұғалімдерден деп ойлаймын. Мұғалімнің айлығы жоғары емес, бірақ осы айға тура келгендіктен, әркім өз еркімен беріп жатыр", - дейді физика пәнінің мұғалімі Гүлшат Сейілханова.

"500 теңгені қайтарды. Бірақ мен өзімнің қалауыммен ораза айы болғандықтан, садақа болғандықтан, сондықтан мен одан да көбірек қаржыны аудардым. 2000 теңге", - дейді химия-биология пәнінің мұғалімі Клара Рамазанова.

Ұстаздардың садақасына кім зәру? Аудан орталығында тұрғызылатын ескерткіш үшін өз еркімен қаражат жинауға ұстаздарды кім мәжбүрлеп отыр? Бұл сауалды мектеп басшысына қойғанымызда, ешкімді мәжбүрлеп отырған жоқ деген жауап алдық.

"Кім көмектескісі келді, олар көмектесіп жатыр. Тіпті, осы бес жүз теңге үшін өзіміз қол хат жазып бердік бәріміз. Өз еркімізбен беріп жатырмыз деп", - дейді Кенен Әзірбаев атындағы №15 мектептің директоры Салтанат Бектұрғанова.
Алматы облысы Іле ауданының әкімдігі ескерткіш салу үшін халықтан ақша сұрауда (видео)

Салтанат Бектұрғанова. Кадр: Алматы арнасы

Аудандық білім бөліміндегілер де, мына жерге тұрғызылуы тиіс ескерткіш үшін ешкімнен еркінен тыс ақша жиналып жатпағанын айтады. Тек аудандық газетке үкіметтік емес ұйым жолдаған үндеуге қолдау білдіріп қана отырмыз дейді. Айта кету керек, Іле ауданында 49 мектеп болса, орта есеппен әрқайсысында 60 жұмысшы бар екен.

"Үндеуді оқыған кезде, біз бәріміз ақша жинауды қолдап, тек қана мұғалімдер ғана емес, барлық аудан тұрғындары қолдады. Ал мұғалімдерге қатысты айтсақ, олар өз еркімен қанша бере алады, сонша берді", - дейді Іле аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлнәра Мақсұтова.

Яғни бұл даудан Іле ауданының білім бөлімі басшылары да хабардар отыр. Олар тіпті ескерткіш үшін бір күндік еңбекақымызды аударамыз десті. Алайда дау тудырған ескерткішке қанша қаражат керек екендігінен ешкім хабарсыз. Өйткені, Іле ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл іспен үкіметтік емес ұйым айналысып жатыр деп, нақты ақпарат бере алмады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel