RU
Ғалымдар жүректі қартаюдан сақтайтын ғажайып әдісті анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар жүректі қартаюдан сақтайтын ғажайып әдісті анықтады

Рассказать Вконтакте

Техас университеті Оңтүстік-Батыс медициналық орталығының ғалымдары аптасына 4-5 рет жаттығу жасап тұрған адамның жүрегі баяу қартаятынын анықтаған. Бұл туралы Oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: Oxu.az

Көрнекі фото: Oxu.az

Зерттеу жұмыстарына жас шамасы 60-тан асқан 102 адам қатысқан. Олар физикалық белсенділіктеріне қарай төрт топқа бөлініпті.

Бірінші топқа бір орында отырып жұмыс істейтін және аз қимылдайтын адамдар, екінші топқа сирек болса да жаттығу жасап тұратындар, үшіншіге - аптасына 4-5 немесе 6-7 рет 30 минуттық жаттығу жасап тұратын еріктілерді жатқызған.

Белгілі болғандай, аптасына 2-3 рет жаттығу жасап тұратын жандарда жас қан тамырлары пайда болған. Ол мойын және бас тіндеріне оттегі жеткізіп отырады.

Ал өте белсенді физикалық қозғалыста жүретін адамдарда көкірек пен ішінің айналасында ірі қан тамырлары байқалған.

Сондай-ақ, ғалымдар 70 жастан асқаннан кейін физикалық жаттығудың қан тамырлары қартаюына ешқандай ықпал ете алмайтынын анықтады. Алайда, орта жастағы адамдар оның қалпын жақсартып, ерте жастағы өлімнің алдын алуына болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel