RU
80 мың теңге жетпей тұр: Оралда 9 жасар қыздың аяғы адам шошырлық күйге түсті
Жаңалықтар Қоғам

80 мың теңге жетпей тұр: Оралда 9 жасар қыздың аяғы адам шошырлық күйге түсті

Рассказать Вконтакте

Оралда аяғынан ауыр дерт табылған тоғыз жасар қыздың отасына 80 мың теңге жетпей жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Мой Город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Настя. Фото: Мой город

Настя. Фото: Мой город

Анастасия Бузгон есімді қыздың отасына барлығы 400 000 теңге қажет. Қыздың анасы Любовь Киркинаның айтуынша, 280 мың теңгені олар өздері жинаған. Қалғанын қайырымды жандар жинап берген, енді отаға тек 80 000 теңге жетпей тұр.

"Ақша сұрауға ұялғаныммен, басқа амалым жоқ. Настяның әкесімен ажырасып кеткенмін. Ол алиментке тек айына 4480 теңге төлейді.

Сот тағы 12000 теңге төлеуге міндеттегенімен, ол көк тиын бермеуде. Настяға қарайтын адам керек болғасын жұмысқа шыға алмай отырмын", - дейді Киркина.

Тумысынан сол жақ аяғының сүйегінен остеомиелит дерті табылған қыз өткен жылы ота жасатқан.

Алайда жарасы жазылмай жатқасын, оған жедел түрде тағы бір ота қажет болып тұр. Көмектесемін деушілер келесі шотқа қаражат құя алады:

Қазақстан Халық банкі KZ286012353000016141

Ресей Сбербанкі KZ36914CP64324836318 (тек рубльмен), KZ84914CP39886366491 ( теңгемен)

Ресей Сбербанкі картасы 4263 4472 9520 8158

Киви-әмиян: 87471631562

Каспий банкіндегі депозит 780312402466 ИИН 780312402466

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір