Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да батып бара жатқан сәбиді құтқарған 6-сынып оқушысы ерлігімен көзге түсті (фото)

Опубликовано:

Батыс Қазақстан облысы Қазтал ауданындағы Қошанкөл ауылында 5 мамыр күні төтенше жағдай орын алған. 6-сынып оқушысы Нұрдәулет су қоймасына батып бара жатқан 3 жасар сәбиді судан шығарып алып, құтқарып алды деп хабарлайды "Мой город" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Батыс Қазақстанда үш жасар сәбиді 6 сынып оқушысы құтқарып қалды
Фото: "Мой город": UGC

Қазтал ауданы әкім аппаратының басшысы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, Нұрдәулет кішкентай баланы су қоймадан өздігінен шығарып алған.

"Нұрдәулеттің әкесі Асқар Аткешевтің "Нұрдәулет" деп аталатын шаруа қожалығы бар. Сол күні 2 ірі қара мал үйге жайылымнан келмей қалып, әкесі ұлына малдарды қарап келуді тапсырған. Мал іздеп жүрген Нұрдәулет үй маңындағы суқоймадан баланың аяғын көріп қалады. Ол көп ойланбастан баланы судан шығарып алып, алғашқы көмек көрсеткен. Бала ол кезде ес-түзсіз күйде жатыпты", - дейді Жандос Дүйсенғалиев.
Батыс Қазақстанда үш жасар сәбиді 6 сынып оқушысы құтқарып қалды
Фото: "Мой город": UGC

Алғашқы көмек көрсетіп болған соң, ол тез арада үлкендерді шақырып келген.

"Ол көмек көрсетуді мектептегі түрлі плакаттардан көрген, - деп түсіндірді Дүйсенғалиев.

Кейін анықталғандай, үш жасар сәби Нұрдәулеттің көршісі екен. Сол күні оны ата-анасы ересек балалардың жанына ойнап келуге жіберіпті. Алайда олар сәбиден көз жазып қалған.

Ерлік жасаған Нұрдәулеттің мектептегі үлгерімі де жақсы. Ол белсенді түрде күреспен айналысып, атқа мінгенді ұнатады екен. Сонымен бірге ол қолы бос кездері әкесіне шаруаға көмектесіп те үлгереді.

Жандос Дүйсенғалиевтің сөзіне сенсек, жуырда аудан басшылығы оны арнайы мақтау қағазымен марапаттап, сый-сыяпат ұсынатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733043-bko-da-batyp-bara-zatkan-sbidi-ktkargan-6-synyp-okusysy-erligimen-kzge-tsti-foto/

pixel