RU
Қызылордада сақалды ер адам 11 жасар қызды ұрламақ болды
Жаңалықтар Қоғам

Қызылордада сақалды ер адам 11 жасар қызды ұрламақ болды

Рассказать Вконтакте

Қызылорда тұрғыны 11 жасар қызын сақалды ер адам ұрламақ болғанын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сақал. Көрнекі фото ашық дереккөзден алынды

Сақал. Көрнекі фото ашық дереккөзден алынды

Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша сот алды тергеуді бастап кетті. Белгілі болғандай, қыз бала мектепке бара жатқанда оны белгісіз ер адам күштеп көлігіне отырғызбақ болған.

Сақалды ер адам қызды көтеріп алып, айқайлай алмайтындай аузын жауып, көлігіне отырғызбақ болады.

Абырой болғанда, қызға көмекке оқиға куәгері жүгірген. Келіншек қатты айқайлап, ер адамға тас лақтыра бастайды. Шошып кеткен ер адам оқушыны жібере салып, көлігіне отырған беті ізін жасырған.

Сол арада келіншек оқушы қызды сабырға шақырып, мектебіне дейін шығарып салып, кейін өз жұмыстарымен кетіп қалады.

Көп ұзамай, мектепке оқушының анасы келіп, полиция шақыртқан. Агенттік мәліметіне сәйкес, қызға тап берген ер азаматтың сақалы болған, ал көлікте тағы екі адам отырыпты.

ІІД тергеу жұмыстары бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
4
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір