Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Голливудтық күлкіні қалаған астаналық арулар еріндерін жаппай үлкейтіп жатыр

Опубликовано:

Астаналық бойжеткендер бет терісі мен ерін "сұлулығына" ерекше ден қоюда. Олар ай сайын арнайы мамандардың көмегіне жүгініп, еріндерін үлкейтуді сәнге айналдырған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Астаналық Айжан (авт. есімі кейіпкердің өтінішімен өзгертілді) есімді бойжеткеннің айтуынша бүгінде бикештер бет күтіміне ерекше мән бере бастаған. Олар ай сайын косметолог қызметіне жүгініп, бет тазартуды қолға алған екен.

"Бет күтіміне кез келген қыз көп көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Ал қазір ол тіптен қажеттілік болып қалды. Жасырмаймын өз күшіммен жұмысқа тұрып, табысты да өзім табамын. Сондықтан өзімнен ақша аямаймын. Иә, өткен айда ернімді де үлкейттім, осыған байланысты бет-жүзім бұрынғыдан да ажарлана түсті деп ойлаймын. Ауырсынады немесе еріннің формасы өзгереді деп қорқудың қажеті жоқ екен. Мен бұл қадамға өзімді бір жыл бойы дайындады деп айта аламын. Қазір тәубе, шүкір, бәрі сәтті жасалды. Жалпы қыздар арасында голливудтық күлкі үшін, "томпақ" ерін керек деген әзіл бар ғой, сондай топмақ ерінге қол жеткіздім", - деп ағынан жарылды бойжеткен.

Қыздардың соңғы жылдары косметолог көмегіне көп жүгінетінін мамандар да жасырмайды. Мәселен, Астанадағы "Здоровье" клиникасының жетекшісі Айым Мейірман күніне ерінді үлкейтуге келетін бойжеткендердің саны 4 адамнан кем түспейтінін айтты.

"Бұл процедура біздің клиникамыздағы жоғары сұраныстағы үрдістердің бірі десем артық айтпаспын. Оған жас қыздармен бірге жасы орта жастан асқан әйел адамдар да жүгініп жатады. Олардың жас ерекшілігі шамамен 20-35 жас аралығын қамтиды деп айта аламын. Оның ішінде контурлық пластика ерекше сұранысқа ие. Себебі ондай процедура арқылы үлкен нәтижеге тез әрі жылдам қол жеткізесіз. Эффектісі де филлерге байланысты 6-12 айға дейін сақталады. Мысалы мен өз жұмысымда бағасы 50-65 мың теңгені құрайтын француз филлерлерін пайдаланамын", - дейді маман.

Сонымен бірге ол арулардың соңғы жылдары неліктен ерін үлкейтуге ден қоюының себебін де айтып берді.

"Оған әртүрлі себептер түрткі болуы мүмкін. Мысалы кей адамдарда туа бітті немесе жүре келе еріндерінің ассиметриясы бұзылуы мүмкін, сол сияқты табиғатынан тым жіңішке әрі формасы жоқ болғандықтан да қыздар еріндерін үлкейтуге бел буып жатады. Біреулер қандай да бір жарақаттан қалған жараны түзеу мақсатында бізге келіп жатады. Себептері әртүрлі. Бұл қызметтің бағасы – 40-45 мың теңге аралығын қамтиды", - деп жауап берді маман.

Маманның сөзіне сенсек бикештер бұдан бөлек бет тазарту мен мезатерапия қызметіне көп жүгінетін көрінеді. Мұндай қызметтің алғашқысы – 7 мың теңгені құраса, кейінгісі орта есеппен 7-20 мың теңге аралығын қамтиды екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1733071-gollivudtyk-klkini-kalagan-astanalyk-arular-erinderin-zappaj-lkejtip-zatyr/

pixel