RU

Гавайда атқылаған жанартаудан аспанның түсі өзгеріп кетті (фото)

Гавайда Килауэа жанартауы атқылап, аралдың оң жақ жағалауына жетті. Елдімекеннің 24 шаршы метр аумағын қамтыған лавадан аспандағы бұлттардың да түсі өзгеріп кетті деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Килауэа. Фото:Фокус.ua
Килауэа. Фото:Фокус.ua: UGC

Түсі өзгерген бұлтты тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген.

Теңізден 1247 метр биіктікте орналасқан Килауэа маңына жақындамау жайында ескерту жарияланған.

Қазір арнайы мамандар тұрғындарды да, туристерді де жанартаудың айналасына жібермей қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733074-gavajda-atkylagan-zanartaudan-aspanny-tsi-zgerip-ketti-foto.html