RU
Қыл үстіндегі өмір: Соғыс алаңында жүріп ақпарат тарататын ержүрек әйел кім?
Жаңалықтар Қоғам

Қыл үстіндегі өмір: Соғыс алаңында жүріп ақпарат тарататын ержүрек әйел кім?

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда XV Еуразия медиа форумы басталды. Онда шетелдік БАҚ өкілдері келіп, халыққа жаңалық таратудың ерекшеліктерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Шахида Төлегенова XV Еуразия медиа форумында

Шахида Төлегенова XV Еуразия медиа форумында

Форумға Ұлыбританиядан арнайы келген әскери тілші Шахида Төлегенова отты жерде жұмыс істедудің ерекшеліктерімен бөлісті. Айтуынша, журналист қандай қиын жағдайда да эмоцияға берілмей, бейтарап қалыпты ұстануы керек.

"Мен қаншама соғыс ошақтарынан хабар тараттым. Ондаған, Жүздеген қансырап, өліп жатқан адамды көргенде қандай күйде болатынымды айтып жеткізу қиын. Өлген адамдарға бей-жай қарауға қанша жылдық тәжірибем де көмектеспейді. Себебі, ол мүмкін емес. Осыған қарамастан мен ол жерге жылап-сықтау үшін барған жоқпын. Көпшілікке ондағы қиналып жатқан адамдардың өмірін көрсету - менің міндетім. Бұл кей адамдарға ой салып, нәтижесі бейбіт өмірге алып келуі мүмкін", - дейді Шахида Төлегенова.

Пәкістан, Израиль, Каир мен Украина сияқты қауіпті жерлерге барғанда Шахида жұмысын еш алаңсыз атқаруы үшін ешқандай күзетші жалдамайды екен. Бар болғаны жергілікті жерден жүргізуші тауып, ел көруі тиіс орындарғдан жаңалық түсіреді.

"Мен басқалар сияқты броньдалған, үлкен көліктерге мініп, қауіпсіздігім үшін бірнеше күзетшіні ертіп жүрсем бірден көзге түсіп қаламын. Жергілікті жерден бір жүргізуші табамын да, нағыз қантөгіс болып жатқан жердегі халыққа жақындауға тырысамын. Мен ұстанатын басты қағида – қай елге бармсам да соғысып жатқан ешбір тараптың саясатын дұрыс немесе бұрыс деп айтпаймын. Қырғын болып жатқан елдерде БАҚ-тың таратқан әрбір ақпараты маңызды. Соған қарап халық шешім шығаруы мүмкін. Сондықтан, журналистер тіпті бейбіт елде отырып жаңалық жазғанда да бейтарап қалпынан айнып кетпеуі керек", -дейді тілші.

Жаны нәзік болса да, рухы қайсар журналист өз қызметінде осынша қиын жолды неліктен таңдағанын да ашып айтты.

"Әскери журналистика нағыз әйелдер баратын қызмет. Себебі соғысқа барған ер азаматтар психологиясы мүлдем бөлек. Оларға қандай қарумен атқылағаны, қанша бомба жарғаны немесе қанша адам қырылғаны қызық. Ал әйелдер мейлінше сол жердегі халықтың эмоциясына, қандай күй кешіп жатқанына мән береді.

Баласынан айырылған әйел, ата-анасын жоғалтқан балалар... Оларға соғыста қай тарап жеңсе де бәрібір. Шын мәнінде олар өмірін аман сақтап қалуды ғана ойлайды. Көздеріндегі үрей мен қиыншылықты біз көріп, халыққа жеткізуіміз керек. Журналистің міндеті соғыс тактикасын емес, адамның өмірін көрсету", - деп сөзін қорытындылады Шахида Төлегенова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір