RU

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Головкиннің салмағына ауысты (фото)

Бокстан Азия, Азия ойындары және Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің кәсіпқой боксқа ауысатынын бір ай бұрын хабарлаған болатын. Отандық спортшы 72 келі салмаққа көшіп, әлемдік кәсіпқой бокс шаршы алаңында жүрген өз отандасы Головкиннің дивизионын толықтырмақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Бұл туралы боксшының өзі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өткізілген ашық жаттығу шарасы барысында хабарлады.

Отандық боксшы 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырды
Отандық боксшы 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырды: UGC

Кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысқан Жәнібек Әлімханұлы 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісім шартқа отырды. Әлемдік бокс кеңістігінің майталман маманы енді қазақ боксшының жекпе-жектерін ұйымдастыруды өз қолына алған.

Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Осыған орай, 23 мамыр күні отандық спортшы мұхит асып Америкада жаңа менеджерімен ауқымды келіссөздер өткізбекші.

"Бұйыртса ертен Америкаға жол жүргелі жатырмыз. Онда жоспарланып қойған жұмыстар өте көп. Эгис Климаспен ресми түрде келісімшартқа отырдық. Алайда, промоутерлерді әлі де қарастырып жатырмыз. Ұсыныстар көп енді, көреміз", - деп айтты спортшы.
Отандық боксшы 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырды
Отандық боксшы 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырды: UGC

Сонымен қатар, Жәнібек Әлімханұлы енді 72 келі салмаққа көшіп, әлемдік бокс үздігіне айналған отандасы Головкиннің дивизионында жұдырықтасатынын айтты.

"Енді 81 келіде жұдырықтастпайтын болдым. Америкалық диетологтармен ақылдаса отырып 72 келіні еңсеру жолдарын қолға алудамыз. Алдағы мақсат - тек қана үздіктермен бақ сынасу. Мен әлемді нағыз қазақи нақыштағы бокспен мойындатқым келеді", -деп айтты боксшы.
Фото: NUR.KZ.
Фото: NUR.KZ.: UGC

Оған қоса, Жәнібек бұрыннан бері келе жатқан бапкерін өзімен қоса алып кетуді де ойластырып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733093-lem-cempiony-znibek-limhanly-golovkinni-salmagyna-auysty-foto.html