RU
Британиялық журналист Алматыдағы медиа форумға трико киіп келді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Британиялық журналист Алматыдағы медиа форумға трико киіп келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда өтіп жатқан XV Еуразиялық Медиа форумға Ұлыбританиядан келген журналист Юсуф Омар Қазақстанда мобильді журналистиканы дамытудың маңыздылығын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Юсуф Омар сұқбат беруде

Юсуф Омар сұқбат беруде

Ресми жиынға қызыл спорттық шалбар киіп, көзілдірігімен келген репортер дәстүрлі журналистика мен мобильді журналистиканың айырмашылықтарын талдап берді. Ол ақпарат ағынындағы жоғарғы сападағы видео мен дәлелді мәтіні бар телевизияның, газет пен радионың рөлін жоққа шығармайды. Алайда кез-келген жұрт талқылайтын оқиғаны сол орыннан тұрып, дәл уақытында баяндау маңыздырақ дейді ол.

Фото Юсуф Омардың instagram парақшасынан алынды

Фото Юсуф Омардың instagram парақшасынан алынды

"Қазір ақпаратты барынша жылдам таратуға мүмкіндік бар. Ал Қазақстанға келгелі көріп отырғаным үлкен камералар мен микрофондар. Содан кейін оған мәтін жазып, видеосын монтаждау да ұзақ уақыт алады. Мәселен мен мына көзілдірікте бір кнопаканы басу арқылы видеоға түсіріп, көрген-білгеніммен осы орында жаңалық тарата беремін. Қолында ұялы телефоны бар әрбір адам репортер бола алады. Бастысы оны қолдануды және қарапайым телефондағы қосымшаларды білсе болғаны. Бұл бір жағынан арзан әрі жеңіл болып табылады", - дейді Юсуф Омар.

Юсуф Омар сұқбат беруде

Юсуф Омар сұқбат беруде

Айта кетейік, Юсуф Омар «#HashtagOurStories» компаниясының негізін қалаушы. Осы арқылы түрлі жобалар ұйымдастырып, әлемнің түкпір-түкпірінен ең қызықты оқиғаларды халыққа жеткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір