RU
Қазақстандық екі әйелдің төсінен қауіпті құрт табылды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қазақстандық екі әйелдің төсінен қауіпті құрт табылды

Рассказать Вконтакте

Еліміздің екі тұрғынынан қауіпті құрт табылды. Echinococcus (эхинококкоз) деп аталатын құрт тұрғындардың төсіне кіріп алған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрт. Фото: britishcat.ru

Құрт. Фото: britishcat.ru

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ дәрігерлерінің айтуынша, әйелдер сүт безі ісінгенін айтып, шағымданады.

Сүт безінде қатерлі ісік табылды деп күдіктенген мамандар оларды УДЗ-дан және маммографиядан өтуге жібереді. Алайда алдын ала қойылған диагноз расталмай қалған.

Белгілі болғандай, әйелдердің бірі бұған дейін өте сирек кездесетін эхинококкоз дертіне шалдыққан екен.

Бұл жайт екі әйелдің де төсінде қауіпті құрт болуы мүмкін екенін аңдатады. Олар жедел ем қабылдауға жөнелтілді.

Эхинококкоз – ленталық құрттардан болатын ауыр паразиттік дерттің бір түрі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
4
1
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel