RU
Астанада жауған бұршақ Пирамиданың әйнектерін күл-талқан етті (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада жауған бұршақ Пирамиданың әйнектерін күл-талқан етті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада бұршақ аралас қатты жел Бейбітшілік және келісім сарайының әйнектерін күл-талқан етті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Пирамида". Фото: NUR.KZ

"Пирамида". Фото: NUR.KZ

Еліміздің Төтенше жағдайлар комитеті бұл жайтты растап отыр. Алайда бұршақтан зардап шеккенін айтып, 112-ге қоңырау шалғандар болмағанын алға тартуда.

"Пирамида". Фото: NUR.KZ

"Пирамида". Фото: NUR.KZ

Еске салсақ, 22 мамыр күні Астанада бұршақ аралас дауыл жұртты әбігерге салды.

"Пирамида". Фото: NUR.KZ

"Пирамида". Фото: NUR.KZ

"Пирамида" деп аталып кеткен ғимарат 2006 жылы ашылған болатын. Оны еліміздің бас қаласында салуды президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ұсынған. Ғимаратты ағылшын сәулетшісі Норман Фостер салды.

Қазіргі таңда Астанадағы коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қатты соққан желдің салдарын жойып жатыр.

Астана қалалық"Қазгидромет"-тің хабарлауынша, бүгін елорда аумағында дауыл болған. Жедел жәрдем көмегіне жүгінгендер саны 13-ке жетіп, олардың барлығы жеңіл-желпі жарақаттар алған.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" 23 мамырға дауылды ескерту жариялады. Ертең солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Жаңбыр жауып, қатты жел соғуы ықтимал.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
6
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel