RU

Айсәуле Бақытбектің жігіті сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады (фото)

Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле желіге сурет жариялап, қуанышты жаңалығын елге жеткізді. Бойжеткеннің жігіті оған ұсыныс жасап, жүзік сыйға тартқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін мен әлемдегі ең керемет жігіттің қалыңдығы атандым", - деп жазды ол.

Оның сүйіктісі Әлішер Шымбұлақта оған айрықша ұсыныс жасаған. "Менің ханшайымым боласың ба?", - деген жазуды ол шарлармен және гүлдермен безендіріп қойған.

Оның бұл қуанышты жаңалығын естіген оқырмандары Айсәулеге бақыт тілеп, тезірек той көйлегін киюіне тілектестік білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733141-ajsule-bakytbekti-zigiti-sjiktisine-erekse-synys-zasady-foto.html