RU

Астанадағы дауыл: Зәресі ұшқан тұрғындар бірден дұға оқуға кіріскен (видео)

NUR.KZ оқырманы редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Астанада болған дүлей дауылдың видеосын жолдады. Зәресі ұшқан астаналықтар дауыл кезінде дұғаларын оқуға кіріскен.

Астана. Видеодан скриншот
Астана. Видеодан скриншот: UGC

Темір орындықтарды орнынан қозғап, аспанға бар шаңды көтерген, кранды құлатып, ғимараттардың әйнегін сындырған жел қалалықтарды әбден шошытқан.

Видеода көлікте отырған жолаушылар Аллаға сыйынып, бар білген дұғаларын айтып жатқаны естіледі.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733146-astanadagy-dauyl-zresi-skan-trgyndar-birden-dga-okuga-kirisken-video.html