RU

Кемсітуге жол жоқ: Құбыжыққа ұқсайтын қыз модельдікке бет бұрды

Америкалық азаматша Кейтлин Стикелс ерекше дара туған бойжеткен. Оны басқалардан аса ауыр хромосомалық дерт өзгешелейді. Себебі, ауру салдарынан бойжеткеннің бет-әлпеті адамның емес, мысық бейнесіне ұқсап кеткен деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Кейтлин Стикелс кішкентайынан бері модель болуды арман еткен. Тіпті бет-әлпетін адам шошырлықтай өзгертіп жіберген дерттің өзі де қыз қайсарлығын бәсеңдете алмаған.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Кейтлин танымал V Magazine басылымының бас фотографы Ник Найттың көзіне түсіп қалып, танымал журналдың бас бетіне бір-ақ шыққан.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Фотограф ерекше мүсінді қызды әлеуметтік желі арқылы тауып алып, оған фотосессия жасауды өзі ұсынған. Әдетте мінсіз аруларды ғана түсіретін Ник Найттың бұл жолы дәл осындай модель таңдауында терең мағына бар.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC
"Біз Кейтлин екеуміз біріге отырып күрделі жобаны бастауды жөн көрдік. Бұл фотосессия фэшн-индустрияға сабақ әрі үлгі бола білу керек. Басты мәртебе - осы. Яғни, мінсіз мүсінді арулар заманында басқа бойжеткендер жапа шекпеуі керек. Кемсітулерге енді жол жоқ. Біз сән саласын түбегейлі өзгертпекпіз", - деп ағынан жарылды Ник Найт.
Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Мұндай бұрын-соңды болмаған фотосессияны жасауға фотографты танымал суретшінің шығармашылығы итермелеген. Ол Густав Климт суреттерінен ерекше әсер алып қалғанын айтты.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Беделді басылымға суретке түскен Кейтлин Lanvin, Balenciaga, Mcqueen атты атақты дизайнерлер киімдерін киген. Бойжеткен Ник Найт фотосессиясына қатысатынынын үш ұйықтаса түсіне кірмегенін айтты.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC
"Бұл мен үшін үлкен тәжірибе болды. Кәсіби фотограф алдында тұру өзгеше әсер сыйлайды екен. Мен сондай бақыттымын. Ол менің түрімнің мысық тәрізді болғанына қарамастан маған мүмкіндік берді", - деп алғысын білдірді Кейтлин.
Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733149-kemsituge-zol-zok-kbyzykka-ksajtyn-kyz-modeldikke-bet-brdy.html