RU
Астанада соққан дауыл Пирамиданы тесіп, алып кранды құлатқан (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанада соққан дауыл Пирамиданы тесіп, алып кранды құлатқан (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Аяқ асты соққан дауыл Астана халқын біраз әбігерге салды. Жойқын жел салдарынан қаладағы бірнеше ғимарат зардап шегіп, ауыр кран құлап кеткен. Бұл туралы ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеген болатын деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

Синоптиктердің хабарлауынша, желдің соғу жылдамдығы секундына 21 метрді құраған.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

Сағат 13:20 шамасында Түркістан көшесіне құлаған кран жайлы мәлімет келіп түсті.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

13:36-да Бейбітшілік және келісім сарайы маңына тағы бір металл құрылымының құлап түскені белгілі болды.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

14:00-де жойқын жел Алматы ауданына қарасты Миччурино массивіндегі №43-ші мектептің шатырын ұшырып әкеткені хабарланды.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

14:05-те қатты соққан жел Ұлттық музейдің де сыртқы жағын қиратып кеткен.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

14:06 шамасында Есіл ауданына қарасты Заречный массивіндегі тұрғын үй шатыры ұшып кеткені мәлім болды.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

14:20-да Олимп Паластың сыртқы жағына қатты соққы салдарынан үлкен зақым келген.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

Төтенше жағдайлар комитетінің айтуынша, медициналық мекемеге жүгінген 10 адамның тоғызы ауруханаға жеткізілген.

Фото instagram.com/astana_amanat

Фото instagram.com/astana_amanat

22 мамыр күнгі елордадағы ауа-райы құбылмалы болып, жел жылдамдығы секундына 15 метрден аспауы керек болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
6
3
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel