RU
Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада екі жасар қыз эскалаторға қысылып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырмандары редакцияның WhatsApp +7 771 718 15 57 нөміріне эскалаторға қолы қысылып қалған екі жасар қыздың видеосын жолдады.

Астана. Видеодан скриншот

Астана. Видеодан скриншот

Желі қолданушыларының бірі оқиға Астананың орталық базарында болды десе, енді бірі бұл жайт "Артем" сауда үйінде болды деп топшылауда.

Абырой болғанда қыз балаға оқиға куәгерлері көмектесіп, оны құтқарып қалған. Олар эскалаторды екі жақтан тоқтатуға тырысады.

Астана Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

22 мамыр күні орталық базарда эскалатордан екі жасар қыздың зардап шеккені расталған. Жедел жәрдем қызға көмектесіп, оны екінші қалалық балалар емханасына алып кетіпті.

Қыздың қолына гипс салыны, оның жағдайы тұрақты деп бағаланған. Балақай амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
10
8
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір