RU
Үлкендігі итпен бірдей егеуқұйрықтар Павлодар жұртын шошытты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Үлкендігі итпен бірдей егеуқұйрықтар Павлодар жұртын шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодар қаласындағы Академик Шоқин көшесінің тұрғындары егеуқұйрықтардың шектен тыс қаптап кеткенін айтып, наразылығын білдірді. Айтуынша, адамнан сескенбейтін егеуқұйрықтар тіпті пәтерлер мен лифтілерге де кіріп алған. Бұл туралы Pavlodartoday.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Павлодар тұрғындары үлкендігі иттей егеуқұйрықтарды көріп, шошып кетті (видео)

Павлодар тұрғындары үлкендігі иттей егеуқұйрықтарды көріп, шошып кетті (видео)

Тұрғындар егеуқұйрықтардың көбейгені соншалық, олар тіпті адамдардың жанында жүретін болғанын жеткізді.

"Олардың үлкендігі шамамен итпен бірдей", - дейді наразы болған тұрғындар.

"Жеңіс" клубы әкімшілері егеуқұйрықтарды өздігінен улап та көрген. Алайда олар бұдан еш нәтиже шықпады дейді.

Павлодар қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Темір Қасқарбаевтың айтуына қарағанда, құзырлы орган бұл проблема туралы естіген. Дегенмен, қызметкер дәл бұл үй егеуқұйрықтардың ең көп шоғырланған ошағы екенін де жасырмады.

Сонымен бірге, бас маманның айтуынша, бюджет тарапынан жылына екі рет дератизация жасау үшін 9,5 млн теңге бөлінеді екен.

Сондықтан бұл жолы мәселені тұрғындар пәтер иелері кооперативімен бірлесе отырып шешуі тиіс екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
7
3
3
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel