RU
Сағынтаев жыл сайын қымбат көлік ауыстырып мінетін әкімдерге шүйлікті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сағынтаев жыл сайын қымбат көлік ауыстырып мінетін әкімдерге шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев барлық әкімдікке табиғатты қорғау және орман мекемелерінің өрт сөндіру және техникалық жарақтандыру деңгейін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев

Бүгін үкіметтің кезекті отырысында орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық мәселесі көтерілді. Осы тақырыпқа қатысты министрлердің жасаған баяндамасынан кейін Сағынтаев жергілікті атқарушы органдарға орман мекемелерін материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді тапсырды.

"Жаңа баяндамаларда айтылды, облыстарда жұмыс жүріп жатыр, дегенмен де техникамен қамтамасыз ету деңгейі әлі де төмен", — деді премьер-министр.

Сағынтаев осы орайда жыл сайын қымбат көлік мінетін жергілікті атқарушы органдарды сынады.

"Біз БАҚ беттерінен оқып отырамыз, әкімдіктер жыл сайын қымбат автокөлік сатып алады, ал орман, дала өртін сөндіруге, тасқын суға тойтарыс беруге қажетті техниканы алуға келгенде ақша болмай қалады.

Сол себепті құрметті әріптестер, осы мәселеге баса назар аударуды сұраймын.

Бастапқыда қажетті құжаттарды, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесіне көңіл бөліңіздер. Кейін артық ақша қалып жатса, қалғанын ала жатарсыздар", — деп кеңес берді үкімет басшысы.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
5
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel