RU
Адамды өлімге алып келетін өте қауіпті вирус тіркелді
Жаңалықтар Әлемде

Адамды өлімге алып келетін өте қауіпті вирус тіркелді

Рассказать Вконтакте

Үндістанның оңтүстігінде өте қауіпті, тіпті өлімге алып келетін Нипах вирусынан тоғыз адам көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекцияның ғаламдық эпидемия туғызуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Адамды өлімге алып келетін өте қауіпті вирус тіркелді

Адамды өлімге алып келетін өте қауіпті вирус тіркелді

Нипах вирусының анықталғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Ол алғаш рет 1999 жылы Малайзияда ауру тараған кезде анықталды.

Вирусты жарқанат тұқымдастар таратады. Австралия, Бангладеш, Үндістан, Қытай, Таиланд және Африкада кездеседі.

Ол жануарларға да жұғады. Адамнан адамға сілекей арқылы өтеді. Қазіргі уақытта бұл ауруға қарсы ешқандай екпе де, дәрі де жоқ. Инфекция жұқтырғандардың 40-75 пайызы қайтыс болады.

Үндістанның Керала штатындағы Кожикод қаласында жаңа эпидемия болды. Талдау нәтижелері қайтыс болған тоғыз адамның үшеуінде Нипах вирусы болғанын көрсетті.

Бұдан басқа осы инфекцияны жұқтыруы мүмкін деген тағы 25 адам ауруханаға жатқызылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
2
2
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір