RU

Алматы облысында әпкесіне кеткен жеткіншек із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда әпкесіне қонаққа кеткен 15 жастағы бала із-түзсіз жоғалып кетті. Оны жақындары бір аптадан астам уақыт жанұшыра іздеп жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап хабарлайды.

Әділет. Фото әлеуметтік желіден алынды
Әділет. Фото әлеуметтік желіден алынды: UGC

Ынтымақ ауылында тұратын Әділет Мырзабеков 14 мамыр күні үйінен шыққан беті хабарсыз кеткен. Алматыдағы әпкесіне қонаққа баруы тиіс жеткіншекті отбасы таба алмай жанұшыруда.

Әділет қара түсті киімде болған: кепка, капюшоны бар жемпір мен мокасины киген.

Оны көрген-білгендер болса, 8 705 770 04 38, 8 707 149 7251 нөмірлеріне немесе 102-ге хабарласа алады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733199-almaty-oblysynda-pkesine-ketken-zetkinsek-iz-tzsiz-zogalyp-ketti.html