RU

Апатты жағдайдан зақымдалған Air Astana ұшағының суреті жария етілді (фото)

Дүлей дауылдың салдарынан қозғалтқыш корпусы сынған Air Astana ұшағының суреті жария болды. Ұшақтың апатты жағдайда қонуға мәжбүр болғанын Денис Кривошеев өз парақшасында жария еткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Facebook / денис Кривошеев
Фото: Facebook / денис Кривошеев: UGC

Бұған дейін Air Astana ұшағының апатты жағдайда қонған сәтінен видео пайда болған.

Кривошеев Шымкенттен Астанаға бет алған ұшақтың фотосын жария етіп, болған жайтты баяндады.

Фото: Facebook / денис Кривошеев
Фото: Facebook / денис Кривошеев: UGC

Оның сөзіне сенсек, ұшақ қону жолағына беттегенде, ондағы белгілер мен сигналдық құрылғыларды жайпап өткен. Блогер зардап шеккендер жоқтығын алға тартты.

Фото: Facebook / денис Кривошеев
Фото: Facebook / денис Кривошеев: UGC

Ұшақтың қозғалтқышына зақым келгені белгілі болды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733200-apatty-zagdajdan-zakymdalgan-air-astana-sagyny-sureti-zaria-etildi-foto.html