RU
Алматыда өлі күйінде табылған бүлдіршінге қатысты тың ақпарат пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда өлі күйінде табылған бүлдіршінге қатысты тың ақпарат пайда болды

Рассказать Вконтакте

Алматыда Әрсен Көмеков алты күн бұрын алаңсыз ойнап жүріп, жоқ болып кеткен еді. Жақында төрт жасар балақай өлі күйінде табылды деп хабарлайды КТК арнасы.

Құдық. КТК скриншоты

Құдық. КТК скриншоты

Оны іздеуге 100-ден аса адам кірісіп, алдымен маңайдағы құдықтарды тексеріп шыққандарын айтты. Алайда, көрші үйлердегі шұңқырлар ең соңында естеріне түсіпті.

Ұлынан қапыда көз жазып қалған ата-ананың үміті үзілді. Перзентін аман-есен құшаққа алуды аңсап отырғанда, қаралы xабар жетті.

Төрт жасар баладан мәңгіге айырылып қалғандарына олар әлі сене алар емес. Баланы сақшылар шұңқырдың ішінен өлі күйінде алып шықты. Бүлдіршін алысқа ұзамапты.

Яғни, көршісінің ауласындағы кәріз құдығына түсіп кеткен екен. Айта кетсек, қалдық суға арнап қазылған жердің тереңдігі бір жарым-екі метрдей болады. Кәрізде жатып қалған баланың мүрдесі қазір мәйітханада.

Ол құлаған кезде құдықтың ашық, не жабық болғаны нақты белгісіз. Жалдамалы үйінің алдында үлкендердің қарауынсыз ойнап жүрген балақай жоғалып кеткенде, оны жақындары іздеуге кіріседі.

Қазір қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Құдықтың иелері міндетті түрде жауапкершілікке тартылатын болады.

Ал қара жамылғандар жерлеу қамына кірісті. Оқыс жағдайдан көрші-көлем де әбден есеңгіреп қалыпты. Олар енді аула мен көшелердегі бүкіл құдық мықтап жабылса деп отыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
14
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір