RU

Шұжық ішінен шыққан целлофан жұрттың наразылығын тудырды (видео)

Дүкеннен шұжық алған тұтынушылар оның ішінен шыққан целлофанды суретке түсіріп алған. Әдеттегідей, алған тауарын пайдаланбақ болып, тураған сәтте оның ортасынан өзге зат шыға келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Әлеуметтік желіге таралған видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.

"Ішінен пакет шықты. Азық-түлік алғанда абай болыңыздар", - деді видео иесі.

Ал желі қолданушылары өз бастарынан өткен тосын оқиғаларды баяндап, шұжықты мүлде алудың қажеті жоқ екенін алға тартты.

Оқырмандар: "Менің де басымнан осыған ұқсас жағдай өтті. Бірақ, иелері кешірім де сұрамады. Қазақстандық бауырсақ өнімін алған едім", "Бұл нәрсені мүлде жеудің қажеті жоқ", "Масқара, сырты жылтырап тұрғасын қызығып аламыз ғой" деп пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733219-szyk-isinen-sykkan-cellofan-zrtty-narazylygyn-tudyrdy-video.html