RU
Шымкентте оқушыны көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберген (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте оқушыны көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберген (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тоғыз жастағы мектеп оқушысын жеңіл көлік қағып, қыз бала бірнеше метрге ұшып кеткен деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкентте тоғыз жасар қызды көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберген (фото)

Шымкентте тоғыз жасар қызды көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберген (фото)

Зардап шегушінің анасы жеткіншектің әртүрлі жарақатпен облыстық балалар ауруханасына жатқызылғанын айтты

"Жүргізуші қыз оны өткізудің орнына, қағып кеткен. Бала жаяу жүргіншілер өткелінен жеті метрдей жерге ұшып кетіпті. Жүргізуші бірден тоқтамаған,, сөмкесі дөңгелек астында қалды", — деді оқушының анасы TVK басылымына берген сұхбатында.
Шымкентте тоғыз жасар қызды көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберген (фото)

Шымкентте тоғыз жасар қызды көлік қағып, бірнеше метрге ұшырып жіберген (фото)

Облыстық балалар ауруханасы берген мәліметке сүйенсек, баланың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, жол апатынан кейін тез сауығып келеді.

"Қыз бала 15 мамырда бас жарақатымен түсті, миы шайқалған. Тиісті процедуралардың өткізіп, томографияға түсірдік, жеті күннен соң ауруханадан шығады. Жағдайы қанағаттандырарлық. Баланы көз дәрігері де қарап шықты, алаңдайтын ештеңе жоқ деп айта аламыз", — деп хабарлады нейрохирург Мұхтар Әбдіқадыров.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel