RU

Полицейден қашқан Алматы тұрғыны көлігімен өзенге түсіп кетті (видео)

Алматы тұрғыны көлігімен полицейлерден қашып, өзенге түсіп кеткен. Болған оқиғаны куәгер азамат видеоға түсіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Видеоны түсірушінің сөзіне қарағанда, ол серуендеп жүріп тосын оқиғаның куәсі болған.

Табиғат пен үй жануарын видеоға түсіріп тұрған сәтте, үлкен Алматы өзеніндегі көлік

те объектісіне ілінеді. Бұл жағдай куәгерді қызықтырғаны соншалық, ол оқиғаны басынан-аяғына дейін түсіріп алған.

kris.p.almaty.official парақшасында жарияланған видео желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады.

Оқырмандар: "Интернеттегі ойындарды көп ойнап қойған ғой", "Осындай жағдайға жету үшін адам қанша ішімдік қабылдауы мүмкін?", "Осындай қуғынның арқасында танымал болып шыға келді" деп жарыса жазды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733229-policejden-kaskan-almaty-trgyny-kligimen-zenge-tsip-ketti-video.html