RU
Астанадағы қатты дауылдан кран машинисі жерге уақытылы түсе алмай қалған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астанадағы қатты дауылдан кран машинисі жерге уақытылы түсе алмай қалған (видео)

Рассказать Вконтакте

BI Group компаниясының өкілдері Астанадағы қатты дауыл кезінде жерге түсіп үлгермеген машинист әйел туралы айтып берді. Айтуынша, бүгінгі таңда атышулы видеосы желіде тарап кеткен қызметкердің жағдайы жақсы деп хабарлайды Тengrinews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Крановщик

Крановщик

Кран машинисі болып қызмет атқаратын әйел Otau Development Group нысандарының бірінде жұмыс істеген. Мекеме өкілінің айтуынша, қауіпсіздік техникасына сәйкес, ол өзгелермен бірге жұмыс орнынан жерге түсуі керек болған. Алайда әйел қатты дауылды кран кабинасынан бақыламақ болыпты.

Сонымен бірге, компания өкілдері әйел кейіннен аман-есен жерге түскенін жеткізді.

Аз уақыттан соң машинист тағы бір видео түсіріп, неліктен дауылды телефонға түсіре бастағанын түсіндіріп берді.

Еске салсақ, кеше Астанада болған қатты дауылдан құрылыс краны құлап, Бейбітшілік пен келісім сарайының әйнектері сынған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
3
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір