RU
"Ақша сұраған": ОҚО-да бастығынан қысым көрген полицей асылып өлді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

"Ақша сұраған": ОҚО-да бастығынан қысым көрген полицей асылып өлді (фото)

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да бастығынан қысым көрген полицей өзіне қол жұмсап қаза тапты. Марқұмның туыстары 25 жастағы лейтенаттың өліміне басшылық тарапы себеп болғанын алға тартты. Бұл туралы өңірдегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

ОҚО-да бастығынан қысым көрген полицей өзіне қол жұмсап, көз жұмды (фото)

ОҚО-да бастығынан қысым көрген полицей өзіне қол жұмсап, көз жұмды (фото)

Нариман Назаров өзі жалдап тұрған пәтерде өлі күйінде табылған. Туыстарының айтуынша, ол полиция формасында асылып қалыпты.

Қайғыдан қан жұтқан отбасы перзентінің өз-өзіне қол жұмсауына басшылық тарапынан көрген қорлығы себеп болғанын айтады.

"Ақша сұраған факті болған. Мұның бәрін жасырып отыр. Әңгімеден әңгіме таралып, өзінің әріптестері бұл жағдайды айтып отыр. Соңғы жиналысында жеті мың доллар сұраған", - дейді марқұм полицейдің ағасы Нұрсұлтан Назаров.

Нариман Назаров үш жылдай полиция қатарында қызмет еткен.

Туыстарының айтуынша, марқұм болған жігіт төрт айға жуық уақыт жалақы алмапты.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталған. Қазіргі таңда қызметтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
3
32
1
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір